Өрт қауіпсіздігі пысықталуда

255

Бір қарағайдан мың сіріңке жасалады. Алайда бір сіріңкемен мың қарағайды өртеп жіберуге болады. Осындай олқылықты болдырмау үшін өрт сөндірушілер жұмысын пысықтап жатыр.

Жауапты мамандар облыс аумағында жазғы өрт қауіпі кезеңінде орман, дала және егіс алқаптарындағы өрттің алдын алу мақсатында минералды жолақтарды жыртып шықты. Әсіресе республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен теміржол бойына баса мән берілген.

Айта өтейік, өңірдегі егіс алқабы 8 200 шақырымды құрайды. Ал орман алқабының көлемі – 3460 шақырым. Ал негізінен, жолдың бойындағы өрт қауіпсіздігін сақтау үшін жүргізушілер мен жолаушылар тұтатылған сіріңке мен шылым қалдығын жолдың шетіне лақтыра салмауы тиіс.