Оңтүстік Қазақстан облысынан Елордаға Астана қаласы күніне орай ауыл шаруашылығы керуені аттанды. Онда жалпы құны 158 млн теңге болатын 374 тонна өнім бар.
Астана қаласында шілде айының 2-3 күндері өтетін жәрмеңкеде 50-ден астам оңтүстікқазақстандық тауар өндірушінің өнімдері сатылады деп күтілуде. Астаналықтарға мереке қарсаңында нарықтағы бағадан 10-15 пайызға арзан 69 тонна ет пен ет өнімдері, 141 тонна көкөніс, 33 тонна жеміс-жидек, 17 тонна картоп пен 7 тонна сүт өнімдері, 5 тонна шұбат 25 мың дана жұмыртқа, 50 тонна бақша өнімдері мен тағы басқа 27 тонна өнім ұсынылады.
Бұл — өңірдегі аудан мен қалалардың Астанаға жасаған өзіндік тартуы дейді билік өкілдері. Осыған орай жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары мен ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары жиналып, керуенді салтанатпен шығарып салды.