Бәйдібек ауданында «Болашақ» лагері өзінің маусымдық жұмысын бастады. Табиғаты тамаша Қаратаудың баурайында орналасқан лагерьге келген демалушы бүлдіршіндерді аудан әкімі Батырбек Көшербай мен аудандық мәслихаттың депутатары құттықтап, сый-сияпат жасады.
Мұнда биылғы жаздағы әр ауысымда 100 баладан демала алады. Лагерь басшылары 8 маусымда жұмыс істейміз деп отыр. Демалыс орнында кітапхана, асхана, дәрігерлік бөлмеден бөлек оқушылар тынығып, дем алатын бөлме жұмыс жасайды. Сонымен қатар лагерьде үстел теннисі, волейбол, баскетбол, шағын футбол алаңдары, спорт сауықтыру кешені және ашық жүзу бассейні де бар.
Айта кету керек, жаздың жетінші және сегізінші мауысымында ата-анасынан айырылған және аз қамтамасыз етілген отбасыларының балалары бюджет есебінен тегін демалатын болады.