Оңтүстік Қазақстан облысында өз қызметін атқару кезінде ОҚО ТЖД құтқарушысы Жомарт Сәрсенбеков ерлікпен қаза тапты.
Еске салайық, ОҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Ж.Сәрсенбеков ағымдағы жылдың 30 мамырында Ақмешіт таулы аймағына туристік сапармен шығып, тау шатқалына тұтылып, өз бетінше шыға алмай тұрған азаматты құтқарған болатын. Алайда, туристі құтқару кезінде ТЖ қызметкері құлама жардан құлап, мерт болған еді.
Қызметтік міндетін атқару кезінде марқұм болған құтқарушының есімі мемлекеттік «Айбын» орденімен марапаттау үшін ұсынылды.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі