ТЖМ: 2 мыңнан астам құтқарушы қосымша ақы алады

18
Құтқарушылар дайындалып жатыр

Жұмыс барысында денсаулыққа және өмірге зиян келу қаупіне байланысты қазақстандық құтқарушыларға қосымша ақы төленеді. Үкімет тиісті қаулыны қабылдады.

«Қосымша ақының мөлшері лауазымдық жалақының 70%-ын құрайды», – делінген үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегі бойынша барлығы 2 мыңнан астам құтқарушы қосымша ақы алады.
Қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.