1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай өңір басшысы №4 балалар үйінде болып, ондағы «Бар мейіріміз — балаларға» мерекелік шарасына қатысты.
Ең алдымен мекеменің жұмысымен танысқан облыс әкімі ондағы тәрбиеленушілерді мерекемен құттықтап, балаларға танымдық кітаптар мен киім-кешектер және велосипедтер сыйлады. Бүгінгі таңда аталған балалар үйінде 94 бала тәрбиеленуде.
Еске салайық, ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі арасында 2014-2016 жылдар аралығында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баспанамен қамту туралы меморандум түзілген болатын.
Бұл жұмыстар бойынша 2013 жылы 98 жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар тұрғын үймен қамтамасыз етілген болса, 2014 жылы 260 балаға баспана берілген. Ал 2015 жылы 168 тәрбиеленуші тұрғын үймен қамтамасыз етіліпті.
Сонымен қатар, облыста жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мектеп бітірушілері де назардан тыс қалмайды. Жыл сайын ҰБТ-да 50 балдан жоғары жинаған аталған санаттағы талапкерлер ақысыз оқуға түсіріледі. Мәселен, 2013-2014 жылдары 74 түлектен 140 талапкер грант негізінде білімін жалғастырса, 2015 жылы грантқа 89 түлек ие болған.