Оңтүстіктің бас полицейі есеп берді

253
Асқар Оспанов, ІІД-нің бастығы

Оңтүстіктің бас полицейі халық алдында есеп берді. Өңірлік ішкі істер департаментінің басшысы Асқар Оспанов облыстық әкімдікке жиналған көпшілік алдында өткен жылға есеп берді. Оның айтуынша, полицейлерге жағдай жасалғасын қылмысты ашу үлесі 2,6 пайызға өсіпті.

Асқар Оспанов, ІІД-нің бастығы
Асқар Оспанов, ІІД-нің бастығы

Әкімшілік хаттама саны 2,4 пайызға өсіп, тіркеудегі қару саны 7,9 пайызға азайған. Поилцейлердің көмегімен бюджетке былтыр 2 млрд 305 млн теңге айыппұл өндіріліп, алдыңғы жылдармен салыстырғанда 6,3 есе көбейіп отыр.

Соңғы 5 жылда 670 қарақшы ұсталып, 613 қарақшылық қылмыс ашылды дейді Асқар Шуашұлы. Бұған қоса алаяқтық өсіп, қылмыстық статистиканың 14 пайызын құрапты. Тиісінше, бұл істің ашылуы да көбейген.