Енді алимент төлеуден жалтарып жүргендермен прокурорлар айналысады. Құзырлы орган өкілдері сот орындаушыларының жұмысына көңілі толмай отыр.
Себебі тексеру нәтижесінде көптеген заңсыздық анықталған. Тіпті, қылмыспен ұштасқан құқық бұзушылықтар да әшкере болды. Бұл туралы облыс прокуроры Ибрахим Иманов облыстық алқа мәжілісінде мәлім етті.
Сот орындаушылардың әрекетсіздігінен облыс аумағында 14 мыңнан астам баланың құқығы бұзылған. Осындай олқылықтарға көз жеткізген құзырлылар заңбұзушылықтың алдын алу мен болдырмау бағытында нақты іс-шаралар қабылдауды қадап айтты.