Шымкент қаласының əкімі Ғабидолла Әбдірахымов шаһардағы балабақшалар мен мектептердегі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Әуелі №53 және 54 мектептердегі жөндеу жұмыстарын көрген шаһар басшысы Оспанов көшесі бойындағы балабақшаны толық қалпына келтіру жұмысын тексерді. Атқарылған жұмыстың сапасын көріп, мердігер мекемелердің өкілдерімен пікірлесті.
Жалпы алғанда, нысандардың құрылыс жұмыстары кесте бойынша жүргізілуде деген сарапшылар қаладағы білім ұяларының ғимараттары өз уақытымен пайдалануға берілетінін айтты.
Қала әкімі құрылыстың сапасына көңіл аударған жөн деп ескертті. Әрі отандық құрылыс өнімдерінің шетелден еш кемдігі жоқ екенін айта келе құрылысқа өз елімізде шығатын сапалы құрылыс заттарын пайдалануға шақырды. Сонымен бірге жауапты салаға жаңа оқу жылында шымкенттік оқушылардың жайлы және қауіпсіз мектептерде білім алуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Әлеуметтік нысандарды аралау барысында Ғабидолла Әбдірахымов Өтегенов көшесін ұзару жобасымен танысып, Асар шағынауданындағы инженерлік-коммуникация жүйелерінің қызметтерін көріп шықты.
Шаһардың солтүстігінде орналасқан ықшамауданда жүргізіліп жатқан инженерлік жұмыстарды жеделдетіп аяқтауды тапсырып, жергілікті тұрғындардың тауар тасымалдау және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық жағынан еш қиындық көрмеу керекін атап өтті.