Шымкент қаласы білім бөліміне жаңа басшы тағайындалды. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың шешімімен білім бөлімінің басшысы болып Тәжиева Жанат Арысбекқызы тағайындалды.
Еске салайық, Жанат Тәжиева бұған дейін 2009- 2014 жылдар аралығында білім саласын басқарған болатын. Басшыны тағайындағын қала әкімі саладағы жауапкершіліктің жүгі ауыр екенін ескертіп, жаңа басшыдан қызметіне адал болуды талап кетті.