Жер қойнауын пайдаланушылар 2015 жылы бюджетке 1 млрд 868 млн теңге төлеген

346
Әкімдіктерде жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатысты жұмысшы топтар құрылды

Оңтүстікте облыс әкімінің орынбасары Жақып Бөкенбаевтың төрағалығымен жер қойнауын пайдаланушылардың әлеуметтік төлемдерінің тиімді жұмсалуы жөнінде мәжіліс өтті. Жиналысқа облыстық басқарма басшылары мен жер қойнауын пайдаланушы мекемелердің өкілдері қатысты.

Әкімдіктерде жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатысты жұмысшы топтар құрылдыБастама өндіруші компаниялардың жариялаған төлемдерін мемлекеттің табыстарымен салыстыру арқылы ашықтықты жоғарылатуға бағытталады. Бүгінде облыс аумағында қатты пайдалы қазбаларды игеруге — 27, жер асты суларын өндіру бойынша — 32, кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіруге 178 келісім-шарт тіркелген.

2015 жылы жер қойнауын пайдаланушылар өңірдің әдеуметтік-экономикасын дамытуға және оның инфрақұрылымын дамыту түсетін аударымдар бойынша бюджетке 1 млрд 868 млн 500 мың теңге төледі. Бұл сома қатты және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге түзілген келісім-шарттар, жер асты суларын өндіруге арналған келісімшарттар және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-мен түзілген меморандум бойынша қаралған қаржыдан құралған. Аталған қаржы облыстың білім саласына және ауыл шаруашылығын дамыту саласына бағытталды.

Еске саламыз, 2005 жылдан бастап Қазақстан өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы (ӨСАБ) стандарттарын енгізу бойынша тиісті жұмыстар атқарып келеді. 2013 жылы еліміз ӨСАБ енгізу жөніндегі барлық талаптарды орындады және ӨСАБ ізбасары ең биік мәртебесіне ие болды. Одан кейінгі жұмыс халықаралық ӨСАБ стандартының барлық талаптарын орындау арқылы қол жеткізілген нәтижелерге қолдау көрсетуге бағытталған.