Әуезхан Бүркітбаев, «Оңтүстік Мұнай» АЖБ менеджері: «Негізі, сұйық отынның осы түріне қатысты жетіспеушілік болып тұрғаны бар. Дизельді отынды әр адамға 20-25 литрмен сатып жатырмыз. Ал бензин кез келген мөлшерде, клиенттің қалауынша сатылуда.»
Еске салайық, дизельді отынның саудасына шектеу қою алыпсатарлардың әрекетінен кейін қалыптасты. Көрші Қырғызстанда соляркінің қымбаттауына байланысты мүмкіндікті пайдаланып, сұйық отынды көп мөлшерде сол жаққа өткізетін алыпсатарлар көбейген.