Елімізде мемлекеттік білім грантына түсу үшін құжат тапсыру басталды. Қабылдау комиссиялары 31 шілде кешкі сағат 18:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс жасайды. Талапкерлер өз өтініштерінде 4 мамандықты және 4 жоғары оқу орнын көрсетуге құқы бар.
2016 жылы жоғары білімді мамандарды даярлауға арналған 31 702 грант бөлінген. Оның ішінде педагогикалық мамандықтарға — 5000, гуманитарлық ғылымдарға — 700, құқықтануға — 100, өнер — 170, әлеуметтік ғылымдар — 700, жаратылыстану ғылымдары — 1470, техникалық ғылымдар және технологиялар — 12593, әскери іс және қауіпсіздік — 60, медициналық мамандықтар — 3000, ауыл шаруашылығы және ветеринарияға 2690 орын тиеслі. Ал серпіндіктер биыл 3168 грант үшін бақ сынаса алады.