Полицияның ТЕБ мамандары қамауға алынды

576
Полицияның ТЕБ мамандары қамауға алынды

Шымкентте әкімшілік полицияның тіркеу-емтихан бөлімінің мамандары қамауға алынды. Бұған қаладағы Әл Фараби аудандық соты санкция беріп отыр.

Полицияның ТЕБ мамандары қамауға алынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро қызметкерлері қолға түскен шенділерді сотқа арнайы көлікпен алып келді. Ұсталған полицейлердің тергеу барысындағы бас шарасы осында анықталды.

Полицияның ТЕБ мамандары қамауға алынды

Жан-жақты бақылауға алынған сот санкциясы үш сағат оқылды. Мәжіліс залына тек күдіктілердің туыстары мен қорғаушылары ғана кіре алды. Санкция алғандардың қатарында Артық Жаппаров басқарған тіркеу-емтихан бөлімінің қызметкерлері бар. Мемлекеттік инспекторлар Асқар Ботабеков пен Арман Жаңабаев және Мақтаарал ауданының тіркеу-емтихан бөлімшесін басқарған Ағабеков пен Сайрам ауданының майоры Қуанышбековтер ресми түрде қамауға алынды. Олар енді тергеу барысында екі ай бойы уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Полицияның ТЕБ мамандары қамауға алынды

Ернар Балабеков