Шымкенттің бас құрылысшысы мемлекет мүлкін жымқырған деген күдікпен ұсталды

243
пара

пара

Шымкент қалалық құрылыс бөлімінің басшысы пара алды деген күдікпен тергеліп жатыр. Бұл туралы жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі ұлттық бюро ресми мәлімет таратты.

Күдіктінің үстінен Бадам өзенінің сағасын абаттандыру жұмысына бөлінген 170 млн теңгені жымқырды деген қылмысты іс қозғалыпты. Ұрланған қаражат жалған кәсіпорындар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, оны сыбайластыр өзара бөлісіп алған деген болжам бар.

Ұлттық бюро мамандары осы іске қатысты құрылыс бөлімінің басшысы Бұхарбаевты қамауға алған. Қазіргі уақытта шығын жартылай өтеліп, мемлекет пайдасына 50 млн теңге аударылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.