Текесуда төтенше жағдайдан мерт болған төрт түлік сақтандырылмаған. Сол себепті өтемақыны кімнің төлейтіні белгісіз. Бұл сұрақ арнайы құрылған комиссияда қаралады.
Бір белгілі болғаны, қырылған малдың саны- 19. Соның он жетісі жылқы, екеуі сиыр. Сол күні-ақ акт түзіліп, ауыл тұрғындары құжатпен танысқан. Әкімдік өкілдері өлген малды көмуге көмектесіпті. Әл Фараби ауданының әкімі төрт-түліктің өлуіне ауа райының қолайсыздығы себеп болған деп отыр.
Еске салайық, 5 шілде күні Текесуда жауған қатты нөсер жайылымдағы жылқыны ағызып кеткен болатын. Жаңбыр суы ауыл маңындағы су қоймасына құйылып, жылқылар суға тұншығып қалған. Сондай-ақ, Ынтымақ көшесіндегі екі үйдің сарайын су басты.
Ернар Балабеков