Төлеби ауданында толассыз нөсерден 25 үй ауласын су шайып кетті

35

Түркістан облысы Төлеби ауданында толассыз нөсер салдарынан 25 үй ауласы мен жеке балабақшаны су басты. Үздіксіз жауын шашын әсерінен Боз каналының арнасы толып, бір беткейін бұзып жіберген.

Бұл жайт 7 қараша күні сағат 17-30 шамасында басталған. Табиғи ататтан 1 ауыл тұрғындары зарзап шекті. Қазіргі таңда елдімекенді судан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аймаққа 200-ден астам қап төселді. Ал тағы да су басу қаупі бар жерлерге 300-ге жуық қап төсеу жоспарланды.

Ол үшін 40-тан аса жеке құрам мен техника жұмылдырылды. Ал жаңбыр бірнеше күнге жалғасуы мүмкін, сондықтан ТЖ қызметкерлері тұрғындарды сақ болуға шақырды.

Ерік Сарыбаев, ТЖД бастығының орынбасары: “6-7 қараша күні таулы аймақтарда нөсер жауын болды. Соның салдарынан Төлеби ауданы Зағамбар ауында үйлер мен әлеуметтік маңызы бар нысандарды су шаю фактісі тіркелді. Оның себебі Боз каналы толып, бір жағының бұзылуы болды. ТО ТЖД-нен 22 жеке құрам мен ауданнан 20-дан аса жеке құрам тартылды”