Тоқтар Төлешовке қатысты қылмысты істі тергеу аяқталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері хабарлады. Бұл іс бойынша іске 25 адам тартылып отыр, шамамен 300 адам куәгер ретінде қарастырылатын болады.
«Төлешовтың қылмыстық әрекеттері қылмысты кодексінің 125, 126, 179, 182, 192, 262, 266, 268, 296 және 367-баптары бойынша, сонымен қатар, 1997 жылғы редакциядағы 96, 107 және 187-баптары бойынша қарастырылып отыр» деп хабарлады баспасөз мәслихаты барысында ҰҚК өкілдері.
Төлешовке трансұлттық қылмыстық қоғамдастықты қаржыландырған, сонымен қатар тұрақты қарулы топты құрып, басқарған деген айып тағылып отыр. Тергеу барысында Төлешовтің бірқатар ауыр қылмыс және аса ауыр қылмыс жасалғанын анықталған. Сондай-ақ, Тоқтар Төлешев Қазақстандағы билікті күшпен тартып алуға ұмтылып, мемлекетті басқарғысы келгені де мәлім болған.
Еске салайық, белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов 2016 жылдың 30 қаңтарында Шымкентте арнайы операция кезінде ұсталған болатын. Оның үйін және жұмыс орнын тінту кезінде қару-жарақ, есірткі заттары мен оқулық табылған еді. Кәсіпкермен қатар үш адам ұсталған.