Шымкенттегі арнайы операция

Қазақстанның ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Шымкентте арнайы операция жүргізді. Соның нәтижесінде 4 адам ұсталып отыр. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Шымкенттегі арнайы операция
Шымкенттегі арнайы операция

Қолға түскендердің бірі – Шымкенттегі ірі кәсіпкер Тоқтар Төлешов, хабарлады ішкі істер министрлігінің мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.

 – Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Шымкентте жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында төрт адамды ұстады, – деді Алмас Сәдубаев. – Олардың тұрғылықты жері мен жұмыс орнын соттың санкциясы бойынша тінту кезінде қару, есірткі заты және оқулық табылып, тәркіленді. Сараптамалар тағайындалды, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Шымкенттегі арнайы операция

Айта кетейік, 30 қаңтар күні полицейлер Шымкенттегі Rixos мейрамханасы мен сыра зауытының маңын қоршауға алды. Қонақ үй мен Тоқтар Төлешовқа тиесілі сыра зауыты аумағында арнайы жасақтың сарбаздары мен полицейлер топтасып жүрді. Арнайы операция барысында жергілікті тәртіп сақшыларымен қатар Алматы және Тараздың полицейлері мінген арнайы көліктер жүрді.

Шымкенттегі арнайы операция

Шымкенттегі арнайы операция

Шымкенттегі арнайы операция

Шымкенттегі арнайы операция

Шымкенттегі арнайы операция

Шымкенттегі арнайы операция

Шымкенттегі арнайы операция