Денсаулық пойызы Оңтүстіктің шалғай ауылдарын аралап жүр

308

«Денсаулық» пойызы Оңтүстіктің шалғай ауылдарында медициналық қызмет көрсетуде. 21 шілдеден басталған бұл акция бүгін Ленгір қаласындағы Тоғыс станцасында жалғасты. Таңғы сағат 9-дан жұмысын бастаған дәрігерлерге кезек күткен халықтың қатары қалың. Басым бөлігі кардиолог, офтольмолог сынды мамандардың қабылдауында болды.

vlcsnap-2016-08-01-12h31m14s134

Бір тәуліктің ішінде денсаулық пойызы 200 адамға дейін қабылдауда. Айта өтейік, теміржол бойындағы медицина қызметі ертең Түлкібас ауданындағы Састөбе станциаясына жол тартады. Яғни, 2 және 4 тамыз аралығында жергілікті тұрғындарға таңғы сағат 09:00-ден-18:00-ге дейін ақысыз әлеуметтік көмек көрсетіледі.

vlcsnap-2016-08-01-12h55m28s205

Жанар Шағырбаева, «Денсаулық» пойызының бас дәрігері: » Біздің пойызда 15 маман бар. Олар – кардиолог, офтольмолог, стаматолог, терапевт, педиатр, невропатолог, гинеколог сынды дәрігерлер. Сондай-ақ, пойызда қажетті медициналық жабдықтар орнатылған. Мәселен, ЭЛФК және УЗИ, флюраграфия аппараты бар. Сондай-ақ, арнайы қан талдамаларын жүргізу үшін лаборатория жұмыс істейді.»