Ордабасы тұрғыны үйінің жертөлесінде есірткі еккен

98

(Фото: Түркістан облыстық ПД)

Түркістан облысы Ордабасы ауданында жергілікті тұрғынның үйінің жертөлесінен есірткі өсімдігін табылды.

Полиция мәліметінше, ер азамат өзінің екі қабатты үйінің кіреберісінің төменгі жағына жертөле салып, онда гүлдің құтыларына сора есірткі өсімдігін еккен. Жертөледе арнайы жарықшамдармен жасақтап, сораның жайлы өсуі үшін жағдай жасаған.

Бүгінгі таңда 10 шақты сора өсімдігі тәркіленіп, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп, полицейлер істің мән-жайы анықтап жатыр.