Шымкентте егеуқұйрықтарды залалсыздандыруға қазынадан қаражат бөлінді. 19 млн теңгеге 5 млн шаршы метр аумақты дәрілеу қыркүйек айында басталады деп жоспарланды.
Бүгінде аудан әкімдігінің қызметкерлері кеміргіштердің ең көп шоғырланған жерлерді анықтап жатыр. Соңғы рет егеуқұйрықтарды жою үшін дәрі-дәрмекке қажетті қаражат бюджеттен 2011 жылы бөлінген болатын.