Оңтүстік Қазақстан облысында халыққа ұсынылатын қызметтер оңтайландырылуда. Енді тұрғындар денсаулық сақтау саласындағы наркологиялық және психоневрологиялық ұйымдарынан алатын анықтаманы алысқа шабылмай, бір жерден ала алады. Бұл екі қызмет түрін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көрсететін болады.
Бүгін облыс әкімінің аппарат басшысы Е.Әлімқұлов орталыққа арнайы барыпң аталған қызмет түрінің жүргізілу тәртібен танысты. Осы жоба аясында облыс әкімінің бастамасымен «Ашық әкімдік» жобасы енгізілуде.
Бүгінгі таңда аталған екі қызметті ұсынушылар корпорация ғимаратына орналастырып, бүкіл материалдық, техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Қызмет алушылардың легін реттеу мақсатында электронды кезек жүйесіне енгізілді. Халыққа қол жетімділікті ұсыну «Ашық әкімдік» жобасының қағидасы.
Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігімен бектілген 174 мемлекеттік қызмет көрсету түрі болса, оның ішінде 171 қызмет түрі халыққа қызмет көрсету орталығы мен мелекеттік органдар арқылы ұсынылады.