ОҚО-да мүмкіндігі шектеулі азаматтар қоларбамен толық қамтылды

281
ОҚО-да мүмкіндігі шектеулі азаматтар қоларбамен толық қамтылды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қажетті құрылғылармен қамтамасыз ету жұмыстары өз деңгейінде жүргізілуде. Биыл ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына 25 игі іс өткізу шарасы аясында «Әлеуметтік қолдау» айлығы шеңберінде өңіріміздегі мүгедектер қоларбамен толық қамтылды, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

ОҚО-да мүмкіндігі шектеулі азаматтар қоларбамен толық қамтылды

Жыл басынан бері 1422 мүмкіндігі шектеулі азаматқа 1465 қоларба сатып алынып, 1107 арба таратылды. Сөйтіп облыс бойынша 1064 мүмкіндігі шектеулі азамат қоларбамен қамтылып, оның 43-іне жеке оңалту жоспарына сәйкес бөлме ішілік және серуендік екі қоларбадан берілді.

ОҚО-да мүмкіндігі шектеулі азаматтар қоларбамен толық қамтылды

Қазіргі таңда өңірімізде 112 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат есепте тұрады. Оның 53 мыңнан астамы І және ІІ топтағы мүгедектер болса, 42 мыңға жуық азамат III топтағы мүгедектер. Ал аймағымызда бала кезден мүгедектер саны 17286 адамды құрайды. Оның ішінде 7744 мұқтаж мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілуде.