Оңтүстікте «Ақ орамал» акциясы бастау алды

Оңтүстікте «Ақ орамал» акциясы бастау алды

Оңтүстікте «Ақ орамал» акциясы бастау алды. Елбасының Вашингтон қаласында өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV саммитте жариялаған «Әлем. XXI ғасыр» манифесін ілгерілетуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан халқы ассамблеясының бастамасымен қолға алынған осынау республикалық акция №1 облыстық перинаталды орталықта жалғасты. Баласын бауырына басып, перзентханадан шыққан жас аналарға көрсетілген қошемет бұл күні айрықша болды.

Оңтүстікте «Ақ орамал» акциясы бастау алды

Келіндерге жасы үлкен аналар ақ орамалдарын жауып, тілектестігін білдірді. Солардың бірі — Жайна Медебай. Алтыншы перзентін өмірге әкеліп, қуанышқа бөленген ордабасылық тұрғын бұл сәтті жақсылыққа балайды.

Оңтүстікте «Ақ орамал» акциясы бастау алды

Жайна Медебай: «Қазақта ақ орамалды басына тұрмысқа шығып, келін атанған кезде тағады. Оны аяқасты етпейді, аттап баспайды. Ал менің өзгенің босағасына келіп, келін атанап, бүгін алтыншы баламды өмірге әкелдім. Осындай бақытты барлық қыздарға тілеймін және бүгінгі сәтті өте жақсылыққа балап отырмын».

Оңтүстікте «Ақ орамал» акциясы бастау алды

Аталған акция еліміздің барлық өңірлерінде өтуде. Барлық перзентханаларда, неке сарайларында, үйлену тойы кезінде тіліне, дініне, этносына қарамай жас келіннің басына аналар орамал салады.

— Ертеде ел мен елді татуластырып, достықты нығайтуға бағытталған дәстүр болған. Яғни жаугершілік заманда әйел ананың орамалын шешіп, жерге тастауы — екі жақтың татуласуына себеп болған, — дейді ОҚО тілдерді дамыту басқармасының басшысы Балхия Көмекбаева. — Сондықтан 100-ден аса ұлт пен ұлысқа ортақ шаңырақ болған Қазақстанда осындай шараның өтуі үлкен маңызға ие.

Оңтүстікте «Ақ орамал» акциясы бастау алды

«Ақ орамал» республикалық акциясы 29 тамызға дейін жалғасады. Осылайша ұйымдастырушылар Қазақтың орамал тағу дәстүрін қайта жаңғыртпақ ниетте.