Аналарға жаңа мүмкіндік

154

32 жастағы Майра Жауғашованың 6 баласы бар. Көпбалалы ана осы уақытқа дейін бірнеше рет жұмысқа тұруға талпынған. Тіпті балалар күтушісі де болып көріпті. Алайда, өз балалары ауыра беріп, ақыры үйде отыруға мәжбүр болғанын айтады.

Талай жылдан бері өз кәсібін іздеп жүрген көпбалалы ана ақыры сүйікті ісін тапқандай. Қазір ол қаланың қайырымды жандары ашқан тігін курсында оқып жүр. Көп ұзамай жаңа істің қыр-сырын меңгеріп, тігін шеберханасын ашуды армандайды. Жаңа кәсіпке кез болғандар қарасы мұнымен бітпейді. Жомарт жандардың сөзінше, курста қазір 10-ға жуық ана шеберлік сабағынан өтіп жүр.

Ал, ұстаздардың айтуынша, инемен жұмыс істеуді 3 ай ішінде меңгеруге болады. Тек ынта мен жігер болса болғаны дейді. Және алғашқы топтың бұл іске құштарлығы жоғары болғанына дән риза. Айта кетейік, тігінді тегін үйрететін курстың екінші тобын жинау басталып кетті.

   Назерке Үкібасова