Шымкенте ашық конкурс арқылы мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілерін тағайындай үрдісі жалғасуда. Өткен жылы тап осындай тәсілмен 5 мектеп, 3 балабақшаның басшыларын қала әкімінің өзі іріктеген болатын.
Биыл қолданысқа берілген 600 орынды су жаңа мектептің директоры атануға үш азамат үміткер болды. №104 мектеп Сайрам ауданынан қалаға қосылған Қарабастау елдімекенінде орналасқан. Арнайы құрылған комисия үш талапкердің біліктілігін анықтау мақсатында жан-жақты сауал қойды.
Басшы болғысы келгендердің бірі — осы елдімекендегі ескі мектептің директоры. Ал қалған екеуі орынбасарлары болған. Нәтижесінде комисия мектепті басқаруды Баян Есімоваға сеніп тапсырды. Баян Зарифханова бұған дейін осы білім ошағы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келген. Яғни, саланы жетік меңгерген, тәжірибесі мол дейді комиссия мүшелері.
Ал қайта құрудан өткен №63 балабақша меңгерушісі лауазымына төрт үміткер бақ сынасты. Оларға да қойылған талап қатаң болды. Ең алдымен, ұжымды игеру әдісін көрсетіп, комисия мүшелеріне дәлелдеу қажет еді. Бұл жолы Жамиля Әбдіханованың жолы болып, сауатының нәтижесінде бөбекжай меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
Нұрлан Жаңабай