Шымкенттіктер алғаш рет қажылыққа тікелей атанды

366
Шымкенттіктер алғаш рет қажылыққа тікелей атанды

Қажылық парызды өтеу міндет. Ниет еткендерге барлық жағдай жасалып жатыр. Биыл алғаш рет Мекке-Мәдинә қалаларына Шымкеттен тікелей ұшақ қатынасы ашылды. Бірінші рейс төрт жүзге жуық азаматты алып, ұшып кетті.

Шымкенттіктер алғаш рет қажылыққа тікелей атанды

Амангелді Төлепов жұбайы Жайлаубаламен алғаш рет қажылыққа аттануда. Ерлі-зайыптылар пайғамбар жасында арнайы қасиетті Мекке-Мәдинә қаласына жол тартуды жсопарлаған. ЕНді міне мақсаттары орындалып, алла алдындағы парыздарын бірге орындамақ.

Шымкенттіктер алғаш рет қажылыққа тікелей атанды

Биыл қажылыққа аттану үшін қазақстандықтарға 3 000 квота берілген. Оның басым бөлігі — Оңтүстіктен. Айта кетейік, биыл жерлестеріміз тікелей рейс арқылы қажылыққа жол тартты. Шымкент қаласынан шығатын компания ұшақтары Мәдинә қаласына аттанады. Қайтар бағыттары да осылай болмақ.

Қажылық — мұсылманның өз адал қаражаты және бар болмысымен орындайтын құлшылығы. Қасиетті сапар кезінде әр мұсылман баласы қағбаны жеті рет айналу керек. Мұнан кейін Сафа және Мару төбесінен жеті рет жаяу жүреді. Бұлар — қажылық кезіндегі негізгі амалдар.

Ал қажылыққа атанғандардың сапары биыл 20 күнге жалғаспақ. Сондай-ақ, 1 қыркүйек күні Шымкент қаласындағы әуежайдан екінші рейспен тағы да 400 адам Меккеге қарай жол тартады.