Облыс әкімі аппараты, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, облыстық жергілікті полиция қызметкерлерінен құрылған жұмыс тобы таяуда рейдке шықты.
Тексеру кезінде Сарыағаш ауданы Қошқарата ауыл округіне қарасты Мақташы ауылынан өтетін Келес өзенінің бойынан заңсыз құмды-қиыршық тас қоспасын қазып жатқан 2 драглайн экскаваторы және 1 құмды-шағал қоспасын артқан КамАЗ жүк көлігі анықталып, тоқтатылды.
Жұмыс тобымен оқиға орнына учаскелік инспектор және жедел-тергеу тобы шақыртылып, бейне және фотокамераға түсіріліп, аталған қазу техникалары заңды шешім қабылдау үшін жедел-тергеу тобына тапсырылды. Барлық жинақталған іс құжаттары бойынша қылмысты кодекстің 334-бабымен (жер қойнауын өз бетінше пайдалану) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.