Құрметті шымкенттіктер және қала қонақтары!
Сіздерді Шымкенттің төл мерекесі — қала күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Шымкент – Ұлы Жібек жолы бойындағы сан ғасырлық тарихы бар, тамылжыған табиғаты әсемдігімен үйлесім тапқан, дамудың жаңа жолында келе жатқан қала.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының салиқалы саясатының нәтижесінде бүгінде үшінші мегаполисте болашақтың ірі жобалары көрініс тауып, халықтың өмір сүруіне тиісті жағдай жасалды. Экономикасы мен әлеуметтік саласы қарыштап дамып, қолайлы әрі қауіпсіз қалаға айналдыру жолында қыруар жұмыстар атқарылды.
2200 жылдан асатын тарихы бар қаланың келбеті жаңаша бағытта өзгеріп, жаңа шағынаудандар, жайлы да сұранысқа ие зәулім үйлер салынуда. Елбасы айтқандай, Шымкентті еліміздің оңтүстігіндегі жаңа әлеуметтік-экономикалық орталық ретінде дамыту — маңызды іс. Өз қаласын ерекше сүйетін тұрғындар — үшінші мегаполистің басты байлығы. Шымкенттіктер ынтымақ пен бірлікті ту етіп, шаһардың дамуына үлес қосып, татулықта ел игілігі үшін еңбек етуде. Жыл сайын атап өтетін сүйікті қаламыздың төл мерекесі барша шымкенттіктерге тың серпіліс беретініне сенімім мол.
Құрметті қала тұрғындары! Баршаңызды қала күні мерекесімен құттықтай отырып, сіздерге қаламыздың гүлденуі жолындағы еңбектеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Біздің қаламызда өркендеп дамуға үлкен мүмкіндіктер бар, оны тек ортақ күш-жігермен жүзеге асыруға болады.
Сіздерге зор денсаулық, барлық бастамаларыңызға сәттілік пен отбасылық амандық тілеймін! Сүйікті қаламыз жасап, жайнай берсін!
Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВ, Шымкент қаласының әкімі