Шымкентте қала күніне арналған xалықтық марафонға төрт мыңнан астам шаһар тұрғыны қатысты. Қала күнін мерекелеудің екінші күнінде шымкенттіктер 5000 метр қашықтыққа жүгірді.
Салауатты өмір салтын сақтаған 4 мыңнан астам шаһар тұрғыны Д.Қонаев даңғылы бойындағы «Royal» фитнес клубынан Наурыз алаңына дейінгі бес шақырымды бағындырды.
Айта кету керек, мұндай спорттық сайыс Шымкентте осымен 17-рет өткізіліп отыр. Жүгіру сайысының қорытындысында 12 аталым бойынша 30 жүлдегер анықталып, барлығы дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.
Бұл жолғы бұқаралық марафон сайысының ең жас қатысушысы Сапарxан Бақдәулет пен Амантай Aян небәрі жеті жасар болса, ең егде қатысушылар 65 жастағы Юрий Остапенко мен Зайцева Ираида есімді ақсақалдар болды.