Шымкент қаласында жалпы халықтық марафон өтеді. «Дені сау ұлт — тәуелсіздік тірегі» жарысы Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып отыр.
Бұқаралық спорт сайысы аяқталғаннан соң салтанатты марапаттау рәсімі мен концерттік бағдарлама көрсетіледі деп күтілуде.
Марафонға қатысушылар Дінмұхамед Қонаев даңғылы бойындағы «Royal» фитнес-клубы алдынан Наурыз алаңына дейін жүгіреді. Басталуы 2016 жылдың 4 қыркүйегі, сағат 8:30-де.