Көктемгі нөсер жауын-шашын мен шілденің аптап ыстығы биылғы егінге әртүрлі әсер етті дейді шаруалар. Қазір ауыл шаруашылығы өнімдерін жинау науқаны ауылда да қалада да қыз-қыз қайнап жатыр.
Қомақты өнім алған дихандар пайдаға кенелсе, ендібірі шығындарын есептеп жатыр. Биылғы маусымда сауда қатарларында жеміс-жидек пен көкөніс те самсап тұр. Таңқурай, құлпынай, қарақат жүзім алманың түр-түрі саудаға шығарылған.
Дегенмен, сатушылар жергілікті өнімдерінен көрі Өзбекстаннан тасымалданған тауарлардың көп екенін айтады. Сауда орындарында жергілікті жеміс-жидектер мен көкөністердің аздығы бағаға да әсер етіп жатыр.
Жүзімнің келісі 350 теңгеден-700 теңгеге дейін сатылуда. Қарақаттың келісін 650 теңгеден 800 теңгеге дейін сатып алуға болады. Таңқуарай түріне қарай 750 теңгеден 900 теңгеге дейін саудалануда.Дегенмен, өңірдегі бау-бақшаларда піскен өнімдер көбірек болса, бағасының да арзан болатынын сатушалыр да жасырмайды.
Ал дихан қауым көктемгі нөсер жауынның әсерінен өнімнің былтырғыдан еселей түскенін айтады. Биыл шаруалар астықты жылдағыдан да көп жинауда. Бір гектардан орташа есепттен 22 центнер өнім алынып отыр. Қазірдің өзінде қамбаға 416 тонна арпа астық жиналған.
Айта кетейік, облыста биыл 195 мың гектар жерге астық егілген. Ал өнімдерді жинап теру жұмыстарына 39 мың тонна арзандатылған жанар-жағармай бөлініп отыр.