Оңтүстік шағынауданы тұрғындары үшін қуанышты жаңалық. Көлемі 900 мм кәріз коллекторының үстіне салынған нысандарды бұзу уақытша тоқтатылады.
Еске сала кетсек, қаңтар айында осындағы кәріз құбыры жарылып, бірнеше үйге зақым келген болатын. Одан қалса «Су ресурстары-Маркетинг» мекемесі құбыр үстіндегі нысандарды бұзуды сұрап, сотқа талап-арыз берген. Тіпті, сот орындаушылары іске кірісіп, бірнеше баспана бұзылып үлгергенін айтқан болатынбыз.
Осы жаңалық эфирге шыққан соң жағдай өзгеріп отыр. Сала мамандарының мәлімдеуінше, бүгіннен бастап сот орындаушыларына үйлерді бұзу туралы соттың шешімін орындатуды белгісіз мерзімге дейін тоқтата тұруға хат жолданады.
Нұрлан Жаңабай