Оңтүстіктің мұғалімдері марапатталды

368
Оңтүстіктің мұғалімдері марапатталды

Оңтүстік Қазақстан облысында мұғалімдердің кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын болып өтті. Мерекелік шараға қатысқан өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов барша ұлағатты ұстаздарды құттықтап, марапаттады.

Оңтүстіктің мұғалімдері марапатталды

— Шәкірттерге білім беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын және тәлім мен тәрбие беретін — ол ең алдымен мұғалім. Ұрпақ тәрбиесі жолында қызмет етіп келе жатқан ұстаздардың ата-анадан кейінгі атқарар рөлі де ерекше, — дейді Бейбіт Бәкірұлы. — Сондықтан ұстаздар күні – орны бөлек, дәрежесі биік, ең ұлық та ұлағатты мереке. Ұлт болашағын қалыптастыруда уақытпен санаспай атқарған қажырлы еңбектеріңіз үшін Сіздерге, Ұстаздар, алғыс білдіремін.

Оңтүстіктің мұғалімдері марапатталды

Салтанатты шарада шәкірт жолында талмай еңбек еткен өңірдің үш ұстазы «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен және білім саласының дамуына өз үлестерін қосқан 18 мұғалім облыс әкімінің грамотасымен және алғыс хатымен марапатталды.

Сонымен қатар осы күні ұлағатты төрт ұстаз «Ыбырай Алтынсарин» және білім және ғылым министрлігінің «Білім саласының құрметті қызметкері» төсбелгілерімен марапатталса, 10 мұғалімге министрліктің «Құрмет грамотасы» және алғыс хаттары табысталды.

Жалпы, облыста 66 мыңнан астам мұғалім болса, оның 15343-і — білім беру ісінің үздігі, ал 13 мыңға жуығы — жоғары санаттағы ұстаздар.