Өңірімізде «Оңтүстік — достық мекені» керуені жолға шықты. Керуен Елбасының «100 нақты қадам» ұлт жоспары аясында қазақстандық біртектілікті, қоғамдық келісім мен бірлікті жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында құрылған.
Оңтүстік Қазақстан облыстық ассамблея хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен жолға шыққан жұмыс тобының алғашқы кездесулері Сарыағаш ауданында өтеді. Ақпараттық-насихаттық топ 21 қыркүйекке дейін облысымыздың барлық аудан, қалаларында 60-тан астам кездесу ұйымдастыруды жоспарлап отыр.