“Оңтүстік самалы” авторлық әндер фестивалі өтті

195

Оңтүстік Қазақстан облысында «Оңтүстік самалы -2016» авторлық әндер фестивалі өтті. Арыс өзенінің жағасында өткізілген үш күндік шараға 500-ге жуық адам қатысып, өткен жылдармен салыстырғанда қатысушылар мен көрермендер саны анағұрлым артқан.

Биылдыққа үшінші рет ұйымдастырылған халықаралық авторлық әндер фестиваліне қатысуға 70 үміткер іріктеліп алынған. Тек топты оза шауып, өз өнерімен жиналғандарды тамсандырған ресейлік қонақ Олег Деманов бас жүлдені иеленді.

Бұдан бөлек 18 аталым бойынша жеңімпаздар анықталды. Фестивальде еліміздің барлық облыстарынан және Өзбекстан, Ресей елдерінен келген қатысушылар бақ сынасты.

Айта кету керек, үш күндік шара ОҚО кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының бастамасымен өткізілді. «Оңтүстік самалы» авторлық әндер фестивалі келесі жылы тағы да жалғасын табатын болады.