Шымкентте 11 мектептің шәкірттері тасымалданады. Білім ордаларына арнайы автобуспен 2000-ға жуық оқушы жеткізіледі. Бірақ, салада кемшіліктер жетіп артылады. Мектеп автобусын жаңалау қаржыны қажет етеді. Ол үшін қалалық әкімдік жоспар түзгенімен, қашан жүзеге асатыны белгісіз.
Оқушылары тасымалданатын Достық шағынауданындағы №69 мектепке биыл қосымша автобус қажеттігі туындады. Өткен жылы осы білім мекемесінен №88 мектепке 200 оқушы тасымалданса, биыл олардың саны 400-ге жеткен. Сондықтан болар, білім бөлімі қосымша көлік табуға кірісіп кетті.
Шымкент қаласында 11 мектептің оқушылары тасымалданады. Өткен жылы осы бүлдіршіндерді тасымалдауды мойындарына алған көлік компаниясы жанар-жағармайдың қымбаттауын жиі желеу ете бастапты. Десе де қолдарына бағыт кестесін алып, қыркүйектің алғашқы күнінен жұмысқа кіріскен.
Сала мамандары жыл соңына дейін бұл проблемада шешілетініне сенімді. Қала әкімінің қолдауымен білім бөлімі су жаңа 19 автобус алатын болыпты. Бірақ, қашан екені әлі белгісіз. Сондықтан тасымалданатын шәкірттер барға қанаған етуден басқа амалдары жоқ.
Нұрлан Жаңабай