Ақ ұлпа қар, мұз құрсауы. Күздің жайма шуақ күнінде шымкенттіктер нағыз қыс кереметін сезінді. Шымкенттік тұрғындарға мұндай мүмкіндікті ресейлік «Гранд Сафари» цирк шоуының ойыншылары сыйлады.
Ақ аю бұл күні сахнаның сәнін келтірді. Мұз айдынына қорбаңдай шыққан ертегі кейіпкері мен ақша қар көрермендердің көңілін бірден баурап алды. Жиналғандардың назарын өзіне еріксіз аударған «Гранд сафари» әртістері қойылымды көп күттірмей бірден бастап кетті.
Бағдарламада коньки тепкен жонглер мен эквилибристер, әуе гимнастшылары мен сайқымазақтарды кездестіресіз. Сонымен қатар үлкенді-кішілі шымкенттіктер түйеқұс пен таутайлақ, африкандық тотықұстың батыл трюктерін де тамашалады. Ал мұз үстінде хоккей тепкен клоундардың әзілдері балалардың ғана емес, ересектердің де көңілін көтерді. Ақылдылығымен баршаны таңқалдырған маймылдың әрекеті де еріксіз күлдіреді. Шымкенттіктердің акробатшыларға, олардың өнеріне деген ықыласы ерекше болды.
Оксана Задорожная, цирк директоры: «Цирк осыдан 5 жыл бұрын құрылды. Ал 2012 жылы біз ұжымды қайта жасақтадық. Қарапайым циркті мүз үстіндегі шоу баңдарламаға айналдырдық. Барлық қойылым мұз үстінде өтеді. Сонысымен ерекше. Әртістеріміздің барлығы тәжірибелі, өз сінің шеберлері.»
Ресейлік Шапито циркі Шымкентте 2 қазанға дейін болады. Билеттерді «Оңтүстік Цирк» мекемесінің кассасынан сатып ала аласыз.