Шымкент цирктің жануарлардан бас тартқаны қаншалықты рас?

243

Жануарлардан бас тарту шындық па, әлде фейк пе? Шымкент циркіндегілер бұл жаңалықтың қаншалықты шындыққа жанасатынын жеткізді. Сөйтсек, Наурыз мейрамында жануарларсыз нөмірлер болады екен де, қалған шоу бағдарламалар қалалық цирк түлектерінің қатысуымен өтеді. Жануарлардың қазіргі жағдайы, күтімі және де неліктен олар зообағында өмір сүре алмайтыны жайлы цирк қызметкерлері әңгімелеп берді

Шымкент циркіндегі манежде арыстандар – Лео мен Симба. Ойын-сауық шараларының болмауына қарамастан жануарлар үйретушісімен секіру, аунау сияқты әйгілі нөмірлерді жасауға жаттығуда. Арыстанның балалары Симба мен Леоны Жанат 3 айлығында алыпты. Содан бері үштік үнемі бірге.

Цирк жануарлардың қатысуымен нөмірлерден бас тартады деген жаңалықты Жанат Қалметова басына жәй түскендей қабылдапты. «Жаңа нөмірлер дайындалуда. Жаңа шоу бағдарламалар бар. Біз әрине жануарлар және аңдар үшін жауаптымыз. Бұл жаңалық фейк болып шықты» дейді.

Цирк басшылығы қарамағындағы жануарлар мен аңдардан, олардың қатысуымен көрерменге шығатын нөмірлерден бас тартпайтындарын айтады. «Цирктен өзге жерде жануарлар ұзақ өмір сүре алмайды, өйткені олар егелеріне қатты бауыр басып қалады»- дейді Жанат Қалметова.

Жанат ҚАЛМЕТОВА, жануарларды үйретуші: «Мен арыстандармен үнемі болғандықтан олардың әрбір қылығын, не жақсы көретінін білемін. Мен өзімнің қарамағымдағы аңдар, жануарлар үшін жауап бере аламын. Ал зообақта олар адамдармен дәл осындай тығыз қарым-қатынасмта болмайды ғой».

Циркте жануарларсыз нөмірлер жоспарланған, тек Наурыз мейрамы кезінде эксперимент ретінде қолға алынбақ екен.

Сұлтанхан Аман, цирк қызметкері: «Экперимент жоба  ретінде Наурыз мерекесінде жануарларсыз алты күн көрерменге шығамыз. Ал бірінші маусым- халықаралық балалар күні аң, жануарлардың қатысуымен шоу бағдарламалар әзірленуде».

Шымкенттік цирк басшылығы мұнда жауарларға барлық жағдай жасалған деп сендіреді. Әрбіріне тән өзінің тағам мәзірі, серуендеу кестесі, ветеринардың тексерісі қарастырылған. Аңдарды циркте қамшымен емес, әрбір орындалған тапсырма үшін тәттілер тарту ету арқылы үйретеміз дейді олар.

Шынар Оразова