Қазақ гобелен өнерінің іртегасын қалаушы Батырбек Өтепке ескерткіш ашылды

Қазақ гобелен өнерінің іртегасын қалаушы Батырбек Өтепке ескерткіш ашылды

Биыл Қазақ гобелен өнерінің тұңғыш іртегасын қалаушы Батырбек Өтептің туғанына 70 жыл толды. Гобелен тоқудың шебері атанып қана қоймай, ұлттық өнерді дәріптеуші бола білген суретші небәрі 45 жасында өмірден озған. Аз ғұмыр кешсе де соңына өшпес мұра қалдыра білген суретшіні бүгін замандастары мен шәкірттері еске алды. Мерейтойға орай есімін иеленген мектепте ескерткіш ашылды.

Қазақ гобелен өнерінің іртегасын қалаушы Батырбек Өтепке ескерткіш ашылды

Бұл күні суретші Батырхан Өтептің ең жақын туыстары мен өнерін бағалайтын ізбасарлары жиналды. Көзін көрген ел ағалары да осында. Ел жанашырының есімін иеленген дарынды балалардың мамандандырылған өнер мектебінің шәкірттері де бүгінгі тарихи сәттің куәгерлері. КСРО суретшілер одағының мүшесі, гобелен өнерін қалаушылардың бірі Батырбек Туғанбайұлының 70 жылдық мерейтойына орай ескерткіш ашылды. Жұбайы Бибіайша Өтепова бастаған топ суретшінің рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Естеліктерімен бөлісті.

Бибіайша Өтепбаева, Батырбек Өтептің жұбайы: «Арамыздан ерте кеткені өкінішті. Қазір ортамызда болғанда бүгін 70 жылдық мерейтойын тойлар едік. Алайда, оның еңбегі халықтың есінде екені қуантады, шығармалары халықпен қауышқаны көңілге медеу. Сондықтан қуанып тұрмын.»

Қазақ гобелен өнерінің іртегасын қалаушы Батырбек Өтепке ескерткіш ашылды

Батырбек Өтеп — еліміздегі қолданбалы, оның ішінде тоқыма, яғни, гобелен саласын енгізген кәсіпқой суретші. Оның «Түркі эпосы», «Отбасы», «Шілде», «Өмір өрнегі», «Атамекен», , «Біржан — Сара», «Бозторғай» сынды тамаша туындылары бар. Олардың бірі гобелен, енді бірі кілем түрінде тоқылса, бірі текемет пен алаша тұрінде жасалған.

Маржан Есжанова, Батырбек Өтеп атындағы дарынды балалар өнер мектеп-интернатының директоры: «Батырбек ағамыз небәрі 45 жыл ғұмыр кешсе де соңында өлмес мұра қалдырып кетті деп білеміз. 20 жасында-ақ еліне қызмет етіп, өшпес мұра қалдыруды мақсат тұтқан суретші бүгінгі жас ұрпаққа үлгі-өнеге».

Бүгінде Батырбек Өтептің есімін иеленген дарынды балалар мектебінде 240 бала тәрбиеленуде. Көркем сурет және музыкалық бағытта білім алатын оқушылар суретшінің мол мұрасын танып, ізін жалғастырамыз дейді.