«Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының құрылғанына — 70 жыл

"Өрлеу" біліктілікті арттыру орталығының құрылғанына - 70 жыл

Биыл «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының құрылғанына 70 жыл толды. Тәуелсіздіктің тойымен қатар келген бүгінгі мерекеде марапаттау іс-шарасы болып өтті. Көп жылдан бері Оңтүстік Қазақстандағы педагогтардың кәсіби біліктілігін дамытуға өз үлесін қосып келген орталықтың жеткен жетістігі аз емес. Осыған орай зиялы қауым өкілдері ардагер-үстаздарды құттықтап, алғыс хатпен марапаттады.

"Өрлеу" біліктілікті арттыру орталығының құрылғанына - 70 жыл

70 жылдан бері ұстаздарды өз мақсаттарына жеткізуде барлық күш жігерін салып келген білім ордасы бүгін марапатты іс-шара өткізді. Мерейтойға еңбегі елеулі өзге өңір қонақтары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Үздік ардагер-ұстаздар алғыс хаттармен марапатталды.

"Өрлеу" біліктілікті арттыру орталығының құрылғанына - 70 жыл

«Өрлеудің» жылдар бойы мекеме, ұстаздардың біліктілігін арттыруда, заманауи педогогикалық технологияны білім жүйесіне енгізудегі еңбегі орасан. Мерекеге келген қонақтар білім ордасын 70- жылдығымен құттықтады.

Шынар Ергешбаева, «Өрлеу» БАҰО ОҚ филиалы басшысының оқу-әдістеме жөніндегі орынбасары: «Қазір, өздеріңізге мәлім, білім саласында үлкен өзгерістер болып жатыр. Біз жаңарған бағдарлама, жаңартылған стандартқа көшіп жатырмыз. Әрине, біздің институт мұғалімдердің көмекшісі ретінде үлкен жұмысты жұмылдыра жасап жатырмыз. Ал бұл конференцияға бұрын-соңды жұмыс істеп кеткен, еңбегі зор, өзіміздің аса қадірлі зиялы қауымды да шақырдық.»

Бүгінде «Өрлеу» халықаралық деңгейде, Европа стандартына сай жұмыс істеп келеді. Күн сайын жүздеген ұстаз курстарда білім алып, тәжірибесін ұсынуға асығады. Өңірімізде 68 мыңға жуық мұғалім болса, оның 30 пайызы жаңарған бағдарлама бойынша білімін арттыруда.

Гүлжан Ұбайдина, Мақтаарал ауданы, Жеңіс мектеп-гимназиясының директоры: «Курстың мазмұны өзгергені байқалды. Өйткені, бүгінгі таңда жаңа форматты оқу мен оқытудағы, басқарушылық қызметінің өзектілігі өте маңызды болып отыр. Мектепте бірінші сыныпқа жаңаша білім беру үлгісі жаңартылса, басқаруда да солай. Сондықтан, жаңа форматтағы алған білімізді мектепте жоспарлауда, оның басымдылықтарын айқындауда берген терең білімдеріне алғысымды білдіремін.»

"Өрлеу" біліктілікті арттыру орталығының құрылғанына - 70 жыл

Институт ұжымы 90-нан астам адамнан құралған, оның ішінде 5 кафедра қызметкері педагогтардың кәсіби дамуына жетекшілік етеді.