14 қазан — дүниежүзілік стандарттау күні

707
14 қазан - дүниежүзілік стандарттау күні

14 қазан — дүниежүзілік стандарттау күні. Осыған орай сала мамандары бүгін кәсіпкерлерді шақырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мамандар іскерлерді аталған саладағы соңғы өзгерістермен таныстырды.

14 қазан - дүниежүзілік стандарттау күні

Сондай-ақ, техникалық реттеу заңының талаптарын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Сарапшылардың пікірінше, халықаралық стандарттардағы ноу-хаудың соңғы жетістіктері бүгінде қолжетімді. Бизнес-үдерістердің тиімділігін арттыру компаниялардың дүниежүзілік нарықта бәсекелестік қабілетін арттырады. Тіпті ең төменгі бағамен ауқымды өнім шығару құқығын және мүмкіндігін кеңейтеді дейді мамандар.