Пайызы арзан несие беру үшін үш жақты меморандум түзілді

419
кәсіпкерлік

Кәсіпкерлік пен шаруашылықты дамыту негізінде жұмыс орындарын ашу. Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығы мен кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» облыстық филиалы бірлесіп, жұмыссыздықты жою жобасын қолға алды.

кәсіпкерлік

Бұл жоба бұған дейін облыс аудандарын қамтыған еді. Биылғы маусым айынан Шымкент қаласында да қолға алынады. Бұл ретте өз ісін бастап, оған мемлекеттен бөлінген қаржыны төмен пайыздық несиемен алу үшін қандай шарт орындау керек?

Осы мәселені үш ұйымның басшылары талқыға салып, ортақ істі жүргізуде серіктесу мақсатында меморандумға қол қойды. Негізі, ауыл шаруашылығы бағытында кәсібін ашып, жұмыспен қамтуды жүзеге асыру үшін республика қазынасынан биылға 10 млрд 300 млн теңге бөлінген.