Көңілді тапқырлар ойынынан Шымкент әкімінің жүлдесі сарапқа түсті

848
Көңілді тапқырлар ойынынан Шымкент әкімінің жүлдесі сарапқа түсті

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай Шымкенттегі Түркістан сарайында Шымкент қаласы әкімінің жүлдесі үшін республикалық көңілді тапқырлар клубы (КТК) ойындары өтті. Көңілділер кешін қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов та тамашалады деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Көңілді тапқырлар ойынынан Шымкент әкімінің жүлдесі сарапқа түсті

Ойынды «Қазақстан КВН одағының» президенті, Республикалық «Жайдарман» әзілкештер мен тапқырлар сайысының жүргізушісі Есен Елеукен жүргізіп отырды.

Көңілді тапқырлар ойынынан Шымкент әкімінің жүлдесі сарапқа түсті

Республикалық деңгейде өткен әзілкештер сайысына Семей, Орал,Қарағанды, Талдықорған, Қызылорда, Тараз, Алматы қалалары мен Оңтүстіктің Шымкент, Түркістан, Жетісай қалаларынан барлығы 11 құрама команда қатысып, қала әкімінің кубогі үшін ақтық сайысқа түсті.

Көңілді тапқырлар ойынынан Шымкент әкімінің жүлдесі сарапқа түсті

КТК ойындарының қорытындысы бойынша әділқазылар шешімімен Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Ханшайым» командасы қала әкімінің кубогын иеленді. Жүлделі І орынға Шымкент қаласының «Байдың балалары» құрамасы тұрақтаса, ІІ орынды Алматы «АТУ құрамасы» жеңіп алды. Ал жүлделі ІІІ орынға Ақмола облысының «Қорғалжың» командасы лайықты деп табылды.

Көңілді тапқырлар ойынынан Шымкент әкімінің жүлдесі сарапқа түсті

 

Ерекше ойын өрнегімен көзге түскен «ХҚТУ Тарифі» жайдарман тобының ойыншысы Бекұлан Жолдықожа қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Көңілді тапқырлар ойынынан Шымкент әкімінің жүлдесі сарапқа түсті