Мұхтар Құл-Мұхаммед жылына 8 мың тонна өнім жинайтын жылыжайда болды

408
Мұхтар Құл-Мұхаммед жылына 8 мың тонна өнім жинайтын жылыжайда болды

Оңтүстік Қазақстанға жасаған жұмыс сапарында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Ордабасы ауданындағы көкөніс өсірумен айналысатын еліміздегі ең ірі жылыжай кешені – «Аделяда» болып, жұмысшылармен кездесті.

Мұхтар Құл-Мұхаммед жылына 8 мың тонна өнім жинайтын жылыжайда болды

«Агробизнес 2020» бағдарламасы бойынша іске қосылған бұл жобаның инвестициялық құны 5,3 млрд теңгені құрайды. Жалпы аумағы 16 гектар болатын «Аделя» жылыжай кешенінде жылына 8,4 мың тонна өнім жиналады. Оның 70 пайызы қазақстандық нарыққа шығарылса, қалған 30 пайызы Ресейге экспортталуда. Франсуздық «Rishel» компаниясының заманауи құралдарымен жабдықталған кәсіпорында шамамен 200 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген.

Мұхтар Құл-Мұхаммед жылына 8 мың тонна өнім жинайтын жылыжайда болды

Жылыжай кешенінің жұмысын аралап көрген партия төрағасының бірінші орынбасары ел тәуелсіздігі жылдарында Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы қарқынды дамып жатқанын, бүгінде бұл саланы одан әрі дамытуға мемлекеттен барлық қолдаулардың жасалып жатқанын атап өтті.

— Осыдан 10 жыл бұрын мынадай еуропалық деңгейдегі жылыжайды армандаудың өзі қиын болатын. Енді міне, мемлекеттік қолдаудың, «Агробизнес — 2020» бағдарламасының нәтижесінде осындай жетістіктерге жетіп отырмыз, — деді Мұхтар Құл-Мұхаммед. — Жылдың төрт мезгілінің барлығы дерлік жылы әр қолайлы болып келетін Оңтүстік өңірінің мұнан да жоғары мүмкіндігі бар екенін ескеріп, шағын және орта бизнестің үлесі артатынына сенімдіміз.

Мұхтар Құл-Мұхаммед жылына 8 мың тонна өнім жинайтын жылыжайда болды

Партия жетекшісінің орынбасары агроөнеркәсіп кешендеріне мемлекеттен жасалатын қолдаулар жалғаса беретінін айтты. Алайда, негізгі назар жерге ұқыпты қарап, алдыңғы қатарлы ауыл шаруашылығы құрылғыларын пайдаланатын шаруаларға жасалатынын жеткізді.

Мұхтар Құл-Мұхаммед жылына 8 мың тонна өнім жинайтын жылыжайда болды

Бұдан соң жұмысшы топ «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан шыны бұйымдарын шығаратын «ЕвроКристалл» зауытын аралап, жұмысшыларымен тілдесті. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы ісі өрге басқан бұл кәсіпорында 200 мл-ден 3 литрге дейінгі тағам өнімдеріне арналған шыны ыдыстар шығарылады. 254 адам жұмыспен қамтылған кәсіпорында жылына 210 млн шыны ыдыс шығаруға болады.

Мұхтар Құл-Мұхаммед жылына 8 мың тонна өнім жинайтын жылыжайда болды

Айта кетейік, «Оңтүстік» индустриалды аймағында 79 млрд теңгені құрайтын, 6384 адамды жұмыспен қамтитын 83 жоба іске асырылуда. Бүгінде мұнда құны 20,8 млрд болатын 42 жоба пайдалануға беріліп, 3136 адам жұмыспен қамтылып отыр.