ОҚО мен Өзбекстан шекарасында сауда аймағы құрылады

323
ОҚО мен Өзбекстан шекарасында сауда аймағы құрылады

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірімізге жұмыс сапарымен келген Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары Улугбек Розукуловпен кездесу өткізді. Аймақ басшысы мәртебелі мейманды өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуеметімен таныстырып, екі жақты ынтымақтастықты дамыту жайын талқылады. Қазақ-өзбек қатынасын жақсартып, тауар айналымын ретке келтіру бойынша келіссөздер жүргізіліп, ортақ келісімге қол жетті.

ОҚО мен Өзбекстан шекарасында сауда аймағы құрылады

Аталған келісімнің шеңберінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы қос елдің шекарасы маңында сауда аймағын құру жоспарлануда. Сондай-ақ, екіжақты басқосуда жыл соңына дейін Шымкент қаласында өзбек тауар өндірушілерінің көрмесін ұйымдастыру жөнінде мәмілеге қол жеткізіліп, арнайы жұмыс тобы құрылатын болды.
ОҚО мен Өзбекстан шекарасында сауда аймағы құрылады

Оңтүстік Қазақстан облысына іссапары барысында Улугбек Розукулов облыстың бизнес мүмкіндіктерімен танысты. Атап айтқанда, қонаққа «Химфарм» АҚ және «Kaz Kioti» трактор зауытының жұмысы көрсетілді. Өзбекстан Республикасының вице-премьері «Химфарм» АҚ-ның өндірісіне тәнті болып, өз елінде мұндай деңгейдегі кәсіпорынның жоғын жеткізді. Бұдан бөлек делегация құрамында болған өзбек кәсіпкерлері «Kaz Kioti» ЖШС-мен әріптестік қарым-қатынас орнатуға мүдделі екеніне ниет білдірді.

Өзбекстанда жасалған жүк көліктері, мақта терім комбайндары және тұрмыстық техникалардың көрмесі Оңтүстік Қазақстан облысының индустриалды аймағында көрсетілді.