Оңтүстікте жедел медициналық көмек қызметі дамиды

337
Оңтүстікте жедел медициналық көмек қызметі дамиды

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Hemogens Health Care» түрік компаниясының бас директоры Наджие Арпаджи ханыммен кездесті. Соның нәтижесінде «Hemogens Health Care» компаниясы мен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі арасында өңірде жедел медициналық көмек қызметін жетілдіру бойынша мемарандумға қол қойылды.

Оңтүстікте жедел медициналық көмек қызметі дамиды

Түркияда және Бірікке Араб Әмірліктерінде осыған ұқсас жобаларды ендіруде үлкен тәжірибесі бар туркиялық кәсіпкерлер Оңтүстікте мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде жедел медициналық көмектің үлгілік шағын станцияларын салу, бірегей құралдармен және көлікпен жабдықтау, медицина мамандарын оқыту, бірыңғай ақпараттық-талдамалық диспетчерлік орталық құру сынды жобаларды жүзеге асырмақ.

Жоба аясында өңірдің денсаулық сақтау саласына 3,5 млрд теңге инвестиция салынады. Соның 1,8 млрд теңгесі 2017 жылы станцияларын салуға, оларды жабдықтауға және 25 арнайы автокөлік сатып алуға жұмсалады. Сондай-ақ, жедел медициналық көмек көрсету бойынша жаңа е-форматта бірыңғай қалалық ақпараттық-талдамалық диспетчерлік орталық құру, медицина қызметкерлерін оқыту, медициналық туризмді дамыту бойынша жұмыс жасалатын болды.

Бұл жоба Оңтүстік Қазақстан облысында денсаулық сақтау саласын және медициналық туризмді дамытуға септігін тігізеді дейді жауапты мамандар. Қазіргі уақытта Түркия санитарлық авиация мен жедел медициналық көмек қызметі тұрғысынан әлемдегі ең дамыған ел болып табылады.