Шәуілдірде қыздар қарақшылық шабуыл жасады

399

Оңтүстіктің полицейлері букмекерлік кеңсеге жасалған қарақшылық шабуылды ашты. 17 қазанға қараған түні Отырар аудандық ішкі істер бөліміне Шәуілдердегі букмекерлік кеңсе тоналғаны жайлы суыт хабар түседі.

Оқиға орнына шұғыл тергеу тобы аттанады. Анық болғаны, түнгі сағат 23:30 кезінде бетперде киген үш қыз кеңсеге баса-көктеп кірген. Олар осында жұмыс істейтін қыздарды пышақ секілді суық қарумен қорқытып, кассадан 350 мың теңгені алған. Содан кейін қашып кетіпті.

Шәуілдірде қыздар қарақшылық шабуыл жасады

Дегенмен, тонаушы қыздардың әрекеті букмекерлік кеңседегі бейнекамераға жазылып қалған екен. Сондағы видео мен өзге айғақты пайдаланған шұғыл қызметкерлер көп ұзамай күдіктілерді ұстады.

Шәуілдірде қыздар қарақшылық шабуыл жасады

Олар облыстың тұрғындары болып шықты. Жастары 29 бен 25 арасында. Күдікті қыздардан 30 мың теңгеден астам ақша табылып, айғақ ретінде тәркіленді.
Шәуілдірде қыздар қарақшылық шабуыл жасады

Қазір осы факті бойынша қылмысты кодекстің 192-бабымен (қарақшылық) іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.