Шымкентке алғаш рет «Алып аңдар» цирк ұжымы келді. Мәскеуден жеткен цирктің ерекшелігі сол — тек сирек кездесетін жабайы әрі ерекше аңдар өнер көрсетіп, көрермендерін қуантады. Би билейтін керік пен шеңберден секіретін арыстанның, мүйізтұмсықтың соңғы дайындықтары қалай өтуде?
Багир деп аталатын керік — әлемдегі ең алып әрі ең биік аң. Ресейден келген цирк ұжымының дайындаған тосынсыйы да осы. Қолға үйретілген 12 жастағы керік өте ақылды. Үйретушінің айтқанын бұлжытпай орындайды. Алдымен көрерменмен амандасуды да ұмытпайды. Би де билей алады.
Роман Гормаш, «Алып аңдар» циркінің көркемдік жетекшісі: «Ең алып аңдар» циркі Шымкентте алғаш рет келіп отыр. Бұған дейін Алматы мен Астана қалаларында болдық. Әлемде сирек кездесетін жабайы аңдардың бағдарламасы үлкендермен қатар балалар үшін де қызық болатынына сенімдіміз. Бүгін-ертең соңғы дайындығымызды пысықтаймыз. Ал сенбі күні барлық шымкенттіктермен қауышуға дайынбыз.»
Ресейден келген «Ең алып аңдар» цирк ұжымы дайындаған тосынсый тек бұл емес. Әлемде сирек кездесетін аң патшасы арыстан мен жолбарыс, маймыл — барлығы 20-ға жуық түз жануары өнер көрсетеді.
Соның бірі — салмағы 3 тонналық Бонни лақап атты мүйізтұмсық. Аң үйретушілердің айтуынша, Бонни манежге шығып, балалар алдында өнер көрсеткенді ұнатады. Сонымен қатар жыртқыш аң болса да өте мейірімді.
Инна Забелкина, аң үйретуші:» Жабайы әрі жыртқыш аңдармен тіл табысу оңай емес. Алайда біз оның жолын таптық. Арнайы үйретілген аңдар өте мейімді болып келеді. Гастрольдің сапарларға әбден үйренген. Бір қуанып отырғанымыз — Шымкентте жеміс-жидек, дәнді-дақыл мол екен.»
Енді алып жыртқыш аңдар ойынын шымкенттіктер 1 ай бойы сенбі, жексенбі күндері тамашалай алады. Алғашқы бағдарлама «Оңтүстік циркте» 29 қазанда басталады.
Жарнама.